Орталықтың ашылуы

 

Киелі де қасиетті Түркістан топырағына басқан қадамдарыңыз құтты болсын, құрметті қонақтар!

Біз, қазір, Түркістан қаласындағы өткен жылы азғана уақыт ішінде өте жылдам салынған алып ғимараттың бірі де бірегейі – тарихи-мәдени этнографиялық орталықтың құрылыс үйінде тұрмыз.

2010 жылдың басында басталған құрылыс, күз айларында бітіп оның ішіне тарихи Түркістанның төл тарихына арналған музейлік экспозиция да жасақталды. Осындай күрделі де жауапты жұмысты қолға алған  Алматы қаласындағы «ЭтнодизайнҚазақ 2030» ЖШС-нің басшысы Аманжол Найманбаи. Ал оның тақырыптық-экспозициялық жоспары мен ғылыми тұжырымдамасын жасаған түркістандық ғылым докторлары мен музей мамандары, кеңесшілері елімізге белгілі ғалым академиктер М.Мырзахметов. К.Байпақов, З.Қинаятұлы,  Орталықтың музейлік экспозициясының жалпы ауданы 3800шаршы метр.Орталықтың ашылу рәсімі еліміздің Тәуелсіздік мерекесі  16-желтоқсан қарсаңында ұйымдастырылып, тарихи қаламыздағы елеулі оқиғалардың бірі болып табылды.

Қазақстанның ерте және ортағасырлық тарихында, оның ішінде қазақ халқының мемлекеттілігінің қалыптасуы және дамуы барысында ерекше орын алатын тарихи-географиялық аймақтар бар. Сол аймақтың біріне – Сырдың орта ағысы бойындағы атыраулар, немесе ХІІІ-ХҮІ ғасырлардағы шығыс жазба деректерінің мәліметтері бойынша белгілі болған Түркістан өңірі жатады. Сол Түркістан – түркі дүниесінің ежелден келе жатқан рухани, мәдени орталығы.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Түркістанда болғанда «Әрбір халық, әрбір тәуелсіз мемлекет өзінің рухани орталығын нақтылап алуы керек. Қазақстанның рухани орталығы Түркістан» деген болатын.

Түркістанда ашылған, Тарихи-мәдени орталықтың мәні мен мағынасы өте маңызды. Біріншіден ол қаланың тарихи-мәдени өміріндегі елеулі оқиға болатын болса, екіншіден, орталықтың міндеті болашақта Түркістан тарихын зерделейтін  ғылыми-зерттеу орталығына айналғалы отыр. Сондай-ақ  Түркістан тарихының шынайы тағылымдылығы мен ғылыми деректерін халыққа оқып-үйрету, сезіндіру және насихаттау болып табылады.

Категория: Uncategorised